21 шілде 2020 11:52

ШҚО-да ұры тонамақ болған үйінде ұйықтап қалған

Фото: oka.fm

Шығыс Қазақстан облысында түнде 54 жастағы мас ер адам тонамақ болған үйінде ұйықтап қалды, - деп хабарлайды Altaynews.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында түнде 54 жастағы мас ер адам тонамақ болған үйінде ұйықтап қалды, - деп хабарлайды Altaynews.kz

Күдікті мас күйінде жеке үйге ұрлыққа түскен. Ол онда ешкім жоқ екенін білген. Ер адам 8 мың теңгенің азық-түлігін ұрлаған.

Реклама
Реклама

"Ол азық-түлікті полиэтилен пакетіне салған. Алайда мас ұры оқиға орнында ұйықтап қалған. Таңертең күдікті ұрлаған азық-түлігімен көшеге шыққан кезде оны полиция қызметкерлері ұстады. Күдікті Жарма ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамның осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын белгілі болды", - дейді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.

ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиевтің айтуынша, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелген. Тәртіп сақшылары істі тергеп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram