13 шілде 2022 13:01

ШҚО-дағы арнайы операция: есірткі жеткізумен айналысқан шетелдік ұсталды

Фото:polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментімен аймаққа синтетикалық және психотроптық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жедел тексеру шараларының нәтижесінде Қазақстанның шығысына жастарды есірткі бизнесіне тарту және есірткіні тарату мақсатында Өзбекстаннан келген 26 жастағы азамат ұсталды. 

Тінту барысында одан салмағы 500 грамнан асатын "альфа-PVP" психотроп зат тәркіленген.

Реклама
Реклама

"Ұсталған ер адамға қатысты ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қабылданған шаралар бойынша 1 600-ден аса бір реттік доза синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді", – деді ШҚО ПД бастығы орынбасары Талғат Шаяхметов.

Осы баптың санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram