21 желтоқсан 2021 | 14:05

ШҚО ПД қызметкерлеріне қатысты қауесетке жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: elements.envato.com

ШҚО Полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты қауесетке түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО Полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты қауесетке түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 қарашада түн ортасында ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында полиция старшинасы мас күйде ер адамға пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр.

Road_control_kz ақпаратына сәйкес, полиция қызметкері тек пышақ жарақатын салып қана қоймай, қылмыс дерегін жасыруға тырысқан.

Реклама
Реклама

"Жедел кезекші бұл деректі жасырып, тіркемеген. Азаматтың өтініші қабылданбаған. Сондықтан ол 30 қарашада прокуратураға өтініш жазуға мәжбүр болған. ШҚО ПД-де осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, ол туралы министрге хабарланбаған. Тәртіптік комиссия шешімі бойынша Тарбағатай аудандық ПБ жауапты орынбасары Көшібаев қызметінен, старшина Қамзин, учаскелік полиция қызметкері Қалмұханбетов, жүргізуші Аманжолұлы, жедел кезекші Рахымбеков ӘПБ-дан босатылған", - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінде жағдайға түсінік берілді.

"Биыл қарашада Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің заңсыз әрекеттері туралы ақпарат келді. Ол қызметтен тыс уақытта аудан тұрғынымен жанжалдасып, бұзақылық әрекет жасаған. Бұл дерекке дереу жауап бердік, 30 қарашада бұл қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды", - деді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы Сағат Мәдиев.

ШҚО ПД баспасөз қызметі қазір жұмыстан босатылған полицейге қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын, ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес мәлімет жарияланбайтынын мәлімдеді.

293-бап ("Бұзақылық") бойынша берілетін санкция 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Осы полиция бөлімінің тағы үш қызметкері қызметтен босатылды, олар бұл деректі белгіленген тәртіппен тіркеуге байланысты дер кезінде шаралар қабылдамаған.

"Пышақтауға" байланысты ШҚО ПД баспасөз қызметі полицей пышақ жарақатын салды деген қауесетті жоққа шығарды.

"Мұндай жайт болған жоқ, ауруханаға да ешкім бармады", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная