22 қараша 2021 18:01

ШҚО тұрғыны 151 миллион теңгеге дизель отынын заңсыз сатқан

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ШҚО тұрғыны 600 тоннадан аса дизель отынын заңсыз сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО тұрғыны 600 тоннадан аса дизель отынын заңсыз сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Тергеу барысында Үржар ауданының тұрғыны 151 миллион теңгеге 600 тоннадан аса дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжатсыз, яғни заңсыз сатқаны анықталды", - делінген хабарламада.

Ол үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Реклама
Реклама

Агенттікте қазақстандықтарды мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау деректерін байқаған жағдайда агенттіктің сенім телефонына хабарлауға шақырды: +7 7172 708 478.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram