13 қыркүйек 2021 12:59

ШҚО тұрғыны жылқыны көлігіне салып ұрлап кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Полиция ұрланған жылқыны жеңіл автокөлікпен тасымалдаған Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция ұрланған жылқыны жеңіл автокөлікпен тасымалдаған Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сілтеме жасап.

Ер адам мен салонында жануары бар жеңіл автокөлік полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу органдары ұрланған малдың иесін тапты. Ұсталған адамның осыған дейінгі бірнеше ұрлыққа қатысы бары анықталды.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Осыған дейін ұрланған малдарды сатып алушылар анықталу үстінде. Күдіктінің іс-әрекеттері қылмыстық кодекстің 188-1-бабы ("мал ұрлығы") бойынша қаралады. Ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Биылғы жылы мал ұрлығы үшін ШҚО-ның 52 тұрғыны және жеті қылмыстық топ қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram