ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2021 | 16:05
ШҚО тұрғыны қазақстандықтарды 10 миллион теңгеге алдаған
Қарағанды облысында 18 қазақстандықты 10 миллион теңгеге алдап кеткен Өскемен тұрғыны ұсталды. Полиция қызметі қаңтарда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне алаяқтардың құрбаны болған азаматтардан өтініш түскенін хабарлады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел адам мобильді қосымша арқылы жәбірленушілермен байланысып, оларға пайдалы бизнеске қаражат салуды ұсынған. Сонымен қатар, қаржыны қаншалықты ерте салса, соншалықты тез қайтаратынын айтып сендірген. Мысалы "бүгін он мың теңге берсе, ертең жиырма мың теңге таза пайда алады".
Алданғанын түсінген кезде азаматтар полицияға жүгінген. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық тергеу жүргізілді. Құқық қорғау органдары тергеу нәтижесінде көп ұзамай күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.
"Әйел адамды криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның бір схемамен 18 алайықтық жасағаны анықталды. Оған Сәтбаевтың ғана емес, Нұр-Сұлтан тұрғындары да ілікті. Оның келтірген залалының жалпы сомасы 10 миллион теңге", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда іс жүзінде жоқ пәтерді жалға берген қыз ұсталған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также