23 қыркүйек 2021 10:07

ШҚО тұрғынынан тапаншалар мен автоматтар тәркіленді

Дина Шарипханова Корреспондент

Риддер тұрғынынан тапаншалар мен пулеметтер тәркіленді. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті ер адам мұндай қару-жарақ арсеналын қайдан алғанын тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддер тұрғынынан тапаншалар мен пулеметтер тәркіленді. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті ер адам мұндай қару-жарақ арсеналын қайдан алғанын тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияға түскен ақпаратты тексеру кезінде Риддер қаласының 46 жастағы тұрғыны үйінен мыналар тәркіленді:

  • қолдан жасалған 9 миллиметр калибрлі тапанша;
  • Макаров тапаншасының 9 миллиметр калибрлі 23 патрон;
  • Калашников автоматы және 7,62 миллиметр калибрлі 72 патрон;
  • Шпагин тапанша-пулеметі;
  • ТТ тапаншасы;
  • "Тирэкс" автоматы;
  • Ф-1 оқу гранатасы;
  • екі пневматикалық қару.
Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, ер адамнан алынған қару-жарақты атыс қаруына айналдырып, заңсыз әрекеттерде қолдануға болады.

Енді тәртіп сақшылары ер адам күмәнді қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-ның 287-бабы ("Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз алу, сақтау") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, оның санкциялары бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді ШҚО ПД басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram