ПОДЕЛИТЬСЯ
23 сәуір 2021 | 10:22
Шығын 4 миллиард теңге. Банк топ-менеджері мен экс-шенеунік Қазақстанды алдаған
Алматыда 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін 7 жалған компания арқылы 3,9 миллиард теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ мүшелері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс фигуранттары ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банктердің бірінің бөлімше басшысымен бірге 6 адам бар.
"Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 216-бабы 3-бөлігі (Нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.
Қылмыстық топ мүшелерінің мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также