18 шілде 2023 | 12:15

Шығын 769 миллион теңге. БҚО-да тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚМА БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша Chia Tai Pharmaceutical компаниясының өкілдеріне қатысты соталды тергеуді жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша Chia Tai Pharmaceutical компаниясының өкілдеріне қатысты соталды тергеуді жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Бұл компания өзін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берген.

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, Chia Tai Pharmaceutical жеке тұлғалардан ақшаны алып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

"Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная