07 қазан 2021 11:48

Шығыс Қазақстанда қылмыстық топ мемлекетке 10 миллиард теңге шығын келтірген

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қаржы мониторингі агенттігі мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам шығын келтірген қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі агенттігі мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам шығын келтірген қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігі елдегі қолма-қол ақша берумен болатын қылмыспен күресіп жатыр.

Агенттік мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты істі аяқтады.

Реклама
Реклама

"Тергеу барысында алты адамнан тұратын топ 2014-2018 жылдар аралығында 30 қолма-қол ақша фирмасын құрып, облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған. Фирмалардың қызметкерлер штаты да, мүлкі де, қойма, үй-жайлары да, өндірістік-техникалық базасы да болмаған, олар белгіленген мекенжайда орналаспаған", - делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 10,8 миллиард теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram