ПОДЕЛИТЬСЯ
22 маусым 2023 | 10:56
Шымкент әкімдігі басқармасының басшысы ұсталды
Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпаратты Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-парақшасында растады.
"Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также