Шымкент әкімдігі қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Otyrar.kz

Шымкент қалалық мәдениет басқармасы осы бөлімнің бірнеше қызметкері пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілігеннен кейін ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығаратын мәлімдеме таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қалалық мәдениет басқармасы осы бөлімнің бірнеше қызметкері пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілігеннен кейін ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығаратын мәлімдеме таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған материалдарға сәйкес мәлімдейміз.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) бәрі жұмыс орнында екенін назарларыңызға жеткіземіз. Сонымен қатар, еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер де түгел жұмыс орнында.

Басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат түскен жоқ", - делінген ведомствоның Instagram-парақшасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 11 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын 80 миллион теңге көлемінде пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілінгені туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама