11 тамыз 2021 | 17:18

Шымкент қалалық Мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары ұсталды

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Шымкент қаласы Мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласы Мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттікпен бірлесіп, Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі.

"Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша соңғысына қатысты қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 миллион теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Олар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная