26 тамыз 2022 | 09:04

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы ҚАЖД бұрынғы орынбасарының ісі сотқа жіберілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол биыл шілдеде бопсалаушылық және қылмыстық жазаны өтеу режимін жеңілдету үшін сотталушыдан ірі пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта іс Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотына жіберілді.

"Полицейлер заңды ұстанбай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын таптап, антты бұзған жағдайда ІІМ бұрынғысынша қатаң және дереу әрекет етеді. Құқық қорғау қызметі бізге тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де үлкен жауапкершілік жүктейді. Министрлік басшылығы барлық заң бұзушылықтарға қарсы әрекет ету бойынша ұстанымды одан әрі қатаң ұстанатын болады. Кінәлілердің бірде-біреуі жауапкершіліктен жалтара алмайды", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная