14 ақпан 2023 09:58

Шымкент қаржы басқармасының экс-басшысына қатысты үкім өзгертілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанпав

Шымкент Қаржы басқармасының бұрынғы басшысына миллиард теңгеге қызмет бабын асыра пайдаланды деген атышулы іс бойынша жаза ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент Қаржы басқармасының бұрынғы басшысына миллиард теңгеге қызмет бабын асыра пайдаланды деген атышулы іс бойынша жаза ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкім апелляциялық тәртіпте өзгертілген. Былтыр мамырда сот Қаржы басқармасының бұрынғы басшысын қызмет бабын асыра пайдаланды деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырған еді. Сотта айыпталушы "Шымкент" ӘКК-не 1 миллиард 118 миллион теңге шығын келтіргені анықталған. Сотталушы тарап сот шешімімен келіспеді. Үкімге шағымданғаннан кейін сотталушы шартты түрде сотталды.

"Біз оны кінәлі деп таптық. Бұл іс шынымен де, резонанс тудырды, бірақ соған қарамастан сот оны кінәлі деген қорытындыға келді. Ұжымдық шешім болса да, біз оны кінәлі деп таныдық. Бұл жерде біз оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын бердік, тек қалалық сот үкімді өзгертті. Апелляциялық шағымда оның үкімі бас бостандығын шектеуге өзгертілді", - деді Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Алпысбай Нәлібаев.

Реклама
Реклама

Бұрынғы шенеунікке қатысты қылмыстық іс 2021 жылы қозғалған. Тергеу 8 айға созылды. Сондай-ақ, "Шымкент" ӘКК" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінен тағы екі адам сотқа берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram