12 шілде 2022 | 16:29

Шымкент тұрғыны асыл тұқымды қой сатып алуға бөлінген ақшаны жымқырған

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры/ ҚМА

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Өңір тұрғыны 2020 жылы сенімхаттар негізінде 2 шаруа қожалығы атынан Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына асыл тұқымды қой сатып алуға және жем-шөп шығындарын өтеуге 13,5 миллион теңгеге өтінім берген. Алайда соталды тергеу аясында асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны, алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды. Келтірілген залал толық өтелді", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша ер адам кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная