20 ақпан 2023 | 13:51

Шымкент тұрғыны InDriver жүргізушілерін алдап, атынан несие рәсімдеген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Полицейлер алаяқтық жолмен InDriver жүргізушілерінің дерегін алып, оларға шағын несие ұйымдарынан несие рәсімдеген тұрғынды ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер алаяқтық жолмен InDriver жүргізушілерінің дерегін алып, оларға шағын несие ұйымдарынан несие рәсімдеген тұрғынды ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымкент тұрғыны InDriver қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға тапсырыс беремін деген желеумен жүргізушілердің жеке мәліметін - жеке куәліктерін, верификация үшін суреттерін, сондай-ақ банк шотының деректемелерін алаяқтық жолмен алған. Содан кейін ол жәбірленушілерге шағын несие ұйымдарынан несие рәсімдеген", - деді ІІМ өкілдері.

Полиция мәліметінше, қазір оның осындай тоғыз дерекке қатысы бар екені дәлелденді.

Реклама
Реклама

Түркістан облысында тағы бір алаяқ ұсталды. Ол өзін спутниктік телевидение қызметкерімін деп таныстырып, сонымен қатар азаматтардан жеке мәліметін алып, шағын несие ұйымдарына несие алуға өтініш берген.

"Оның осындай 30-дан аса дерекке қатысы бар. Мұндай қылмыстарға қарсы тұру үшін Ішкі істер министрлігінің бастамасымен биометрика және электрон цифрлық қолтаңба арқылы онлайн-несие беру рәсімдері күшейтілді", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная