27 желтоқсан 2021 15:59

Шымкент тұрғыны мемлекетке бір миллиард теңге шығын келтірген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шот-фактура жасаған Шымкент тұрғынының заңсыз әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шот-фактура жасаған Шымкент тұрғынының заңсыз әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Тергеу мәліметтері бойынша, А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына "Мейір құрылыс", "Тыныштық 2018", "Элит Капитель", "Магма-2018", "Ашимов и Ко", "AlatauK", "S-Industry", "Бес қасқа", "Жорға 2019", "Интертранссервис-2020", "Eхcellent", "Угам 2018", "005", "Эверест К" ЖШС деген 14 кәсіпорынды тіркеген.

Реклама
Реклама

"Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін құрылған. Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді", - делінген хабарламада.

А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram