23 қараша 2021 00:33

Шымкент тұрғынын ұялы телефон арқылы танысқан бейтаныс жігіт тонап кеткен

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© polisia.kz

Қызылордада әлеуметтік желі арқылы жігіт қызбен танысып, тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада әлеуметтік желі арқылы жігіт қызбен танысып, тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға Қызылордада болған. 20 қарашада таңертең жәбірленуші полицияға ұялы телефоны мен ақшасы тоналғанын хабарлаған.

Тергеу барысында жәбірленушінің ұялы телефон арқылы бейтаныс азаматпен танысып, оны өзіне шақырғаны анықталды. Жарты сағаттан кейін оның пәтеріне екі жас жігіт келген, ал олардың артынан тағы екеу келген. Олар қызды қорқытып, ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткен.

Реклама
Реклама

Полицейлер ізін суытпай Қызылорда қаласының екі тұрғынын ұстады, олардан заттай дәлелдер алынды.

"Ұсталғандар өз кінәсін толық мойындады, олар қамауға алынды. Қазір бұл қылмысқа қатысы бар басқа да айыпталушылар іздестіріліп жатыр", - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бекторе.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды