Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдіктіге қатысты ақпарат тарады

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдіктіге қатысты ақпарат тарады видео кадры

Шымкентте қызды өлтірді деген күдіктіге қатысты ақпарат тарады. Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шымкент полициясының бағыттамасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте қызды өлтірді деген күдіктіге қатысты ақпарат тарады. Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шымкент полициясының бағыттамасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттары салдарынан 21 жастағы қыз қаза тапқаны туралы хабарланды. Бұл деректі полиция растады. Адам өлтірді деген күдіктінің жеке басы анықталған.

Кейінен күдіктіге қатысты бағыттаманың суреті тарады. Құжатта оқиғаға қатысты деректер көрсетілген. Қанды қылмыс сағат 18:40-та, Шымкенттегі Төлеметов көшесіндегі, №69/39 ғимарат маңында болған. Қыз оқиға орнында қаза тапқан.

Жарнама
Жарнама

Бағыттамада күдіктінің аты-жөні аталып, оның Hyundai Mufasa көлігімен қашып кеткені айтылған.

Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген.

Сурет: otyrar.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама