ПОДЕЛИТЬСЯ
09 наурыз 2017 | 19:16
Шымкентте атыс болып, бір бала қаза тапты
Шымкентте мешіт маңында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте мешіт маңында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жедел жәрдем қызметі Ворошиловка ауданында орналасқан мешіт маңында болған атыстан жарақат алған екі адамды ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта ер адамдар ем алып жатыр. Аурухана бас дәрігерінің айтуынша, олардың кеуде тұсына, беліне және жамбасына бытыралы оқ тиген. Олар есін біледі.
Полициядағылар атыс дерегін растап берді. Полицияның мәліметінше, ауруханада бір адам жатыр. ОҚО ІІД хабарламасы бойынша, атыс салдарынан жас шамасы 14-тегі бала қайтыс болған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также