30 тамыз 2022 | 09:37

Шымкентте атыс қаруы мен оқ-дәрілер жасырылған екі қойма табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД қызметкерлері "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы маңынан және орман алқабынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады. 

Реклама
Реклама

Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, "Сайга" тегіс ұңғылы мылтық, "Бенелли" аңшылық мылтығы, "Штурм" полиция қалқаны және бронжилет, сондай-ақ 115 оқ-дәрі және Ф-1 оқу гранатасын тәркілеген.

ҚР ҚК-нің 287-бабы 1 және 3-бөліктері "Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная