19 сәуір 2023 | 09:09

Шымкентте аудан әкімінің орынбасары 60 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шымкент бойынша cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық аудан әкімінің орынбасары мен әкімдіктің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент бойынша cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық аудан әкімінің орынбасары мен әкімдіктің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-те хабарлады.

"Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісімшартын орындау кезінде кәсіпкерден 60 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Шымкент сотының санкциясымен әкімнің орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

"Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз болып саналады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная