30 наурыз 2022 08:55

Шымкентте аяусыздықпен адам өлтіргендер видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Желіде Шымкентте аяусыз адам өлтіргендердің видеосы тарады. Арты қайғылы оқиғаға ұласқан жанжал бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған, ал күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Шымкентте аяусыз адам өлтіргендердің видеосы тарады. Арты қайғылы оқиғаға ұласқан жанжал бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған, ал күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода екі ер адамның сөйлескені көрінеді. Содан кейін біреуі пышақпен екіншісіне шабуыл жасайды. Жараланған адам қашып кетуге тырысқан, бірақ шабуылдаушы оны ұстап алып, тағы да бірнеше рет пышақ сұғып алған. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, 27 наурызда Абай аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне Түркістан шоссесінде орналасқан дүкендердің бірінің маңында екі ер адам төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция жасағы, жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар барған. Бүгінде іс бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ер адам тергеу изоляторына қамалды.

"Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркеді. Сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Шымкент ПД баспасөз қызметі өкілі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ауыр қылмыстың себебі қызғаныш болған. Тергеуге байланысты басқа ақпарат жарияланбайтыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360609/thumb_m/photo_122930.jpeg"
    "title" => "Алматы, Астана және Шымкент тұрғындарына ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyi-astana-jane-shyimkent-turgyindaryina-auanyin-lastanu-360609/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360527/thumb_m/photo_122834.jpeg"
    "title" => "Шымкент-Ташкент тасжолының жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/shyimkent-tashkent-tasjolyinyin-jondeu-jumyistaryi-kashan-360527/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360483/thumb_m/photo_122784.jpeg"
    "title" => "Жастар еңбек жасақтары өз жұмысын бастады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/jastar-enbek-jasaktaryi-oz-jumyisyin-bastadyi-360483/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360382/thumb_m/photo_122670.jpeg"
    "title" => "Шымкентте асыранды балаларына жәбір көрсеткен тұрғын мәжбүрлі емдеуге жіберілді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/shyimkentte-asyirandyi-balalaryina-jabr-korsetken-turgyin-360382/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360315/thumb_m/photo_122599.jpg"
    "title" => "Шымкенттегі спирт зауытында жүргізілген тінту барысының видеосы көрсетілді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/crime/shyimkentteg-spirt-zauyityinda-jurgzlgen-tntu-baryisyinyin-360315/amp/"
  ]
]