ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ақпан 2023 | 12:36
Шымкентте "AYBA-Жанұя" қаржы пирамидасы ісі тергеліп жатыр
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "AYBA-Жанұя" қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"ЖШС ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталды. Әлеуметтік желілерде сипатталған шарттарға сәйкес инвестор 5000 теңге салып, одан кейін 5 немесе одан да көп адамды тартуы керек. Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген", - делінген хабараламада.
Еске салайық, қаржылық (инвестициялық) пирамида схемаларын құру ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілікті көздейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также