Шымкентте айыпталушы абақтыдан қашып кетті

Фото ©REUTERS

Аса ірі көлемде ұрлық жасады деп айып тағылған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кетті. Деректі қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті бүгін, 11 мамырда тергеу изоляторынан қашып кеткен. Қазіргі уақытта айыпталушыны іздеу және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Дерек бойынша Шымкент қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы "Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеу және басқа да мәліметтер жария етілмейді", - деді Шымкент қалалық ҚАЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ведомство оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖД-да қызметтік тексеріс тағайындалғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама