ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2022 | 09:59
Шымкентте балабақша басшысы 45,7 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
Шымкентте балабақша басшысы 45,7 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте балабақша басшысы 45,7 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
"Балабақша басшылары 2019 2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың "Балапан" бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также