ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2022 | 16:05
Шымкентте балабақша меңгерушісі 19 миллион теңге жымқырған
Шымкентте балабақша меңгерушісі 19,3 миллион теңгені жымқырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте балабақша меңгерушісі 19,3 миллион теңгені жымқырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА мәліметінше, Шымкенттегі балабақша меңгерушісі балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәлімет енгізген.
"Заңсыз әрекет 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жыл бойы жүргізілді. Ол "Балапан" бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған", - делінген хабарламада.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен азаматшаға қатысты соталды тергеуді аяқтады. Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, мемлекетке келтірілген 19,3 миллион теңге залал толығымен өтелгені айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также