20 қазан 2020 | 10:22

Шымкентте баласын 1 миллион теңгеге сатқан әйел сотталды

Фото: vestikavkaza.ru

Шымкентте кәмелет жасына толмаған баласын 1 миллион теңгеге сатқан тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте кәмелет жасына толмаған баласын 1 миллион теңгеге сатқан тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылдың 11 қаңтарында Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іс-шарасын жүргізу барысында 1993 жылы туған тұрғын өзінің кәмелет жасына толмаған баласын 1 миллион теңгеге жергілікті тұрғынға сатып жатқан кезінде ұсталып, полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс әрекеті үшін өкінген.

"Күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтаратпау шарасы қолданылды. Осы жылдың 20 наурызында аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды" - делінген хабарламада.

2020 жылдың 27 қыркүйегінде Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотымен күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная