ПОДЕЛИТЬСЯ
04 ақпан 2022 | 09:36
Шымкентте баласын сатқан көпбалалы ана сотталды
Шымкент тұрғыны бір жарым жасар ұлын сатқаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar арнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент тұрғыны бір жарым жасар ұлын сатқаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar арнасына сілтеме жасап.
Деректерге сүйенсек, шамамен 89-90 жылы туған көпбалалы ана өзінің бір жарым жасар ұлын сатуды ұйғарған. Бұл туралы ол өзінің құрбыларына айтқан. Баланы сату туралы ақпарат қалалық полиция қызметкерлерінің құлағына жеткен. Дәл осы тәртіп сақшылары баласыз ерлі-зайыпты ретінде, сатушы әйелге хабарласқан. Әйел өз "өнімін" көрсету үшін сатып алушыларды үйге шақырған.
"Айыпталушының өзі оларға кездесу ұйымдастырып, үйіне алып келді. Көпбалалы ана бір жарым миллион сұраған, ақырында 1 миллион ақшаға келіскен. Олар өзара саудаласып отырғанда полиция оған ақшасын берген. Анасы баланы берген бойда ұсталады. Полицейлер болған жайттың бәрін жасырын камераға түсіріп алған", - деді Шымкент қалалық ювеналды сотының төрағасы Дәурен Сайханов.
Сөйтсек, әйел күйеумен ажырасып кеткен және жалғыз өзі төрт баланы асырап отырған. Ол босанған кезде ұлын перзентханада қалдырғысы келген, бірақ оны сол жақтағылар баланы қалдырмауға көндірген. Бір жарым жылдан кейін әйел ақшаның жетіспеуіне байланысты кіші баласын сатуды ұйғарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также