ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2019 | 10:35
Шымкентте байкерлер Жанпейісовтің ұсталуына байланысты полиция алдында жиналды
Шымкент қаласының мотоцкл жүргізушілері белсенді Руслан Жанпейісовтің қамауға алынуына байланысты полиция маңында жиналды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент қаласының мотоцкл жүргізушілері белсенді Руслан Жанпейісовтің қамауға алынуына байланысты полиция маңында жиналды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Байкерлер әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің алдында жиналды.
"Шымкенттің автомотофедерациясы Русланды қолдауды ұйғарды. Барлығымыз ол үшін алаңдаулымыз, әйелі мен баласы да алаңдап отыр. Ары қарай не болатынын білмей отырмыз", - деді федерация өкілі Әділ Нұрғалиев.
Осыған дейін әлеуметтік желіде белсендінің ұсталған сәтінде түсірілген видеолар тараған еді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 18 маусымда Шымкент тұрғыны полицияға келіп, дене жарақатын алғанын айтып, арыз берген.
"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") және 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша біріңғай тізілімге тіркелді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, полиция қызметкерін балағаттау дерегі бойынша ("Билік өкiлiн қорлау") тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ол Шымкент қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Показать комментарии
Читайте также