18 ақпан 2019 | 09:19

Шымкентте бизнесмен ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті ұсталды

Шымкентте бизнесмен ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ол Шымкенттің 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте бизнесмен ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ол Шымкенттің 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам 16 ақпанда жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған. 

Реклама
Реклама

"Күдікті өз кінәсін мойындап, оған заттай айғақтар дәлел болды. Тергеу мүддесіне орай істің өзге мән-жайы жарияланбайды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Жантүршігерлік адам өлтіру оқиғасы 6 ақпанда түнгі уақытта шаһардың Байтұрсынов көшесіндегі ықшамауданда болған. Қаруланған адамдар үйге терезесін сындырып кірген. Кейін олар 64 жастағы үй иесі мен оның 62 жастағы әйелін өлтірген. Ерлі-зайыпты пышақ және оқ жарақатынан қаза тапты. Ер адамға 12 рет пышақ салған. Өлтірілген кәсіпкер - құрылыс компаниясының құрылтайшысы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная