Шымкентте ер адам 21 жастағы қызды пышақтап тастаған

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте ер адам 21 жастағы қызды пышақтап тастаған видео кадры

11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттары салдарынан 21 жастағы қыз қаза тапты. Бұл деректі полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттары салдарынан 21 жастағы қыз қаза тапты. Бұл деректі полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция адам өлтірді деген күдіктінің жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

"Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жәбірленушімен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Шымкент Полиция департаменті хабарламасында.

Реклама
Реклама

Otyrar.kz таратқан видеоға қарағанда полицейлерде бейнебақылау камераларынан алынған жазба бар және қылмыс, болжам бойынша, көшеде жасалған.

Полиция оқиғаның мән-жайын толығырақ жарияламады. Бұған Қазақстанның Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негіз болған, онда тергеу мүддесі үшін мәліметтерді жарияламау қарастырылған.

Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама