ПОДЕЛИТЬСЯ
03 тамыз 2020 | 17:46
Шымкентте ер адам балалардың көзінше мысықты атып тастады
Шымкентте ер адам балалардың көзінше мысықты атып өлтірді. Желіде мұны жасаған күдіктінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте ер адам балалардың көзінше мысықты атып өлтірді. Желіде мұны жасаған күдіктінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram желісіндегі 42500_tenge парақшасында жарияланған видеодан маска таққан ер адам өліп қалған мысықты алып бара жатқанын көруге болады. "Шымкент тұрғыны мысықтар өмір сүрмеуі керек деп есептейді" деген жазба қалдырылған.
Ролик авторы ер адамды жануарды өлтірді деп айыптап, одан маскасын шешуді талап етті.
"Қорғаусыз мысық орындықта жатыр еді, ал сіз оны атып тастадыңыз. Қайдағы бүрге?", - дейді кадр сыртындағы дауыс.
Ер адам алаңсыз кетіп бара жатыр. Қолында өлген мысық бар. Осы кезде жақын жердегі футбол алаңында балалар ойнап жүрген.
Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі роликке қатысты пікір білдірді.
"2 тамызда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 1-бөлігі ("Жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Абай ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді Шымкент Полиция департаментіндегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также