Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
@POLICE_of_KZ

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан алаяқтық жасағаны үшін жасырынып келген. "Заңсыз келуші -2023" өңірлік операциясы кезінде Тұран АПБ-ның көші-қон қызметкерлері Жергілікті полиция бөлімінің тәртіп сақшыларымен бірлесіп, ел аумағында заңсыз жүрген 34 жастағы шетел азаматын ұстады.

"Құқық бұзушының жеке басын анықтау кезінде, Өзбекстан Республикасында халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер екені белгілі болды. Көрші елдегі полицейлердің бағыттамасында, ер адам 2022 жылы қылмыстық жауапкершіліктен бас сауғалап қашып кеткені және қарулы болуы мүмкін екені көрсетілген. Алайда, шетелдіктен ешқандай қару табылмады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама