26 қараша 2021 | 09:23

Шымкентте жалдамалы пәтерден мәйіт табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© otyrar.kz

25 қарашаға қараған түні Шымкент қаласындағы Республика даңғылы 16-үйде орналасқан жалдамалы пәтерден пышақ жарақатын алған 23 жастағы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

25 қарашаға қараған түні Шымкент қаласындағы Республика даңғылы 16-үйде орналасқан жалдамалы пәтерден пышақ жарақатын алған 23 жастағы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Пәтер иесінің айтуынша, жәбірленуші тұрғын үйді үш күнге жалға алған. Алғашқы екі күнде қыз пәтер иесімен сөйлескен, дауысында күдікті ештеңе байқалмаған.

Үшінші күні қыз қоңырауларға жауап бермеген кезде үй иесі дабыл қаққан. Ол қосалқы кілтпен ашып кірген. Бөлмеде қыздың қанға боялған мәйіті болған.

Реклама
Реклама

Дәрігерлер оның денесі пәтерде шамамен бір күн жатқанын айтқан. Түні бойы жедел уәкілдер оқиға орнында жұмыс істеді.

Кісі өліміне күдікті Түркістан облысының 1990 жылы туған тұрғыны болып шықты. Азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторында отыр.

Қазір осы іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная