06 наурыз 2024 | 10:16

Шымкентте жалған валюта жасаумен айналысқандар ұсталды: видео

видео кадры

ҚМА Шымкент бойынша департаменті жалған ақша жасап, сатқан тұрғындардың заңсыз қызметін әшкерледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Шымкент бойынша департаменті жалған ақша жасап, сатқан тұрғындардың заңсыз қызметін әшкерледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша қаражатын өткізу кезінде бір топ анықталды. Күдікті екі адам ұсталған және оларға қатысты соттың санкциясы бойынша 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

"Бұған дейін, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін анықтап, жолын кескені хабарланған болатын.

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК жалған долларларды өткізу күдігі бойынша Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, ол өз кезегінде Шымкент бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тергеліп жатқан қылмыстық істің мән-жайларына қатысы бар", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда осы топқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная