04 желтоқсан 2022 11:54

Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Tengrinews.kz

Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды. Оқиға Төлеметов көшесі мен Бәйдібек би даңғылы қиылысында болған, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды. Оқиға Төлеметов көшесі мен Бәйдібек би даңғылы қиылысында болған, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым мәліметінше, 3 желтоқсанда сағат 04:30 шамасында бетперде таққан адам пышақ, кастетпен қорқытып, жанармай құю бекеті кассирінен түскен қаражатты тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталған. Ер адам таксиде жасырынуға тырысқан.

Реклама
Реклама

Жанармай құю бекетін тонады деген күдікке ілінген адам Шымкент ПД Қаратал ауданының Полиция басқармасына жеткізілген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram