22 ақпан 2023 | 09:54

Шымкентте қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған ер адам қандай жазаға тартылуы мүмкін?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Құқық қорғау органдары Шымкентте қару-жарақ дүкенін тонап, атыс ұйымдастырған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Шетелдік азаматтың кінәсі дәлелденсе, қандай жазаға ұшырайтынын Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Құқық қорғау органдары Шымкентте қару-жарақ дүкенін тонап, атыс ұйымдастырған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Шетелдік азаматтың кінәсі дәлелденсе, қандай жазаға ұшырайтынын Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

Шымкент қалалық ІІБ бұл факт "қарақшылық", "адам өлтіруге оқталу" және "атыс қаруын заңсыз иемдену" тіркелгенін мәлімдеді.

  • Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, денсаулыққа ауыр зиян келтіріп жасалған қарақшылық - мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  • 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігі бойынша, егер Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады.
    20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
  • Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная