17 ақпан 2020 | 16:59

Шымкентте қару жасап, өткізгендер сотталды

© knb.gov.kz

Шымкентте заңсыз қару жасаған және өткізгені үшін қылмыстық топқа қатысушылар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте заңсыз қару жасаған және өткізгені үшін қылмыстық топқа қатысушылар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 6 ақпанда Шымкент қаласының әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға үкім шығарды.

Реклама
Реклама

"Сонымен, К. Дрейлинг ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 4-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 288-бабы 2-бөлігі ("Қаруды заңсыз жасау") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Ю. Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Р. Ибрагимов пен В. Завзин 3 және 4 жылға шартты түрде сотталды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2019 жылы шілдеде ҰҚК органдарының арнайы операциясы нәтижесінде көрсетілген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілгені хабарланған.

Қылмыстық тәсілге сәйкес елестету қаруы (демилитарландырылған, дыбыспен әсер ететін патронмен атуға арналған) Ресейден Қазақстанға әкелініп, жасырын жағдайда жауынгерлік етіп қайта жасалған.

"Заңсыз айналымнан 8 "Калашников" автоматы, 2 "Макаров" пистолеті және оларға оқ-дәрілер алынды. Қаруды түрлендіру бойынша цех жойылды", - делінген хабарламада. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная