ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2020 | 09:56
Шымкентте қару ұрлаған сарбаз: іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті
Шымкентте Ордабасы ауданындағы әскери бөлімде қару-жарақ ұрлау ісі бойынша бірінші сот отырысы өтті. Іс сегіз адам бойынша жүріп жатыр, - деп хабарлайды "Отырар".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте Ордабасы ауданындағы әскери бөлімде қару-жарақ ұрлау ісі бойынша бірінші сот отырысы өтті. Іс сегіз адам бойынша жүріп жатыр, - деп хабарлайды "Отырар".
Еске салайық, Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен. 20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған.
"Сол уақытта атыс қаруының саны азайғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күшімен әскери қызметкер мен жоғалған қаруларды іздеу және ұстау бойынша шұғыл шаралары жүріп жатыр", - деді ведомстводағылар.
Tengrinews.kz оқырмандары редакцияның WhatsApp-нөміріне жіберген мәлімет бойынша, оқиға №10216 әскери бөлімінде болған. Бұл - Шымкенттен 30 шақырым жердегі Бадам ауылы.
Сол хабарламада 20 ақпанға қараған түні кіші сержанттың қызмет орнын өз еркімен тастап кеткені айтылады. Ол өзімен бірге 30 Калашников автоматы мен 27 Макаров тапаншасын және 429 оқ-дәрі алып кеткен делінеді.
ІІМ басшысы қарумен қашып кеткен сарбаз жайлы айтты
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также