10 наурыз 2022 | 12:23

Шымкентте қайтарымсыз субсидия алуға көмектесемін деген алаяқ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: aif.ru

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттен субсидия алуға көмектесемін деп, тұрғындарды алдаған әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттен субсидия алуға көмектесемін деп, тұрғындарды алдаған әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғындарға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен бұрын сотталған әйелді ұстаған. Кезекші бөлімге бірнеше ауыл тұрғыны арызбен жүгінген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел олардың сеніміне кіріп, сан соқтырып кеткен.

"Алаяқ әйел мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша қайтарымсыз субсидия алуға көмектесемін деп уәде беріп, 300 мың теңгеге жуық ақшаны алып, ізін суытқан. Полиция бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімі жедел-тергеу тобын құрған. Жедел уәкілдер күдіктіні Шымкентте ұстап, одан ары тергеу үшін аудандық бөлімге жеткізген.

"Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты, бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Алаяқтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталады", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram