ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2022 | 09:03
Шымкентте қоқыс жәшігінен белгісіз әйелдің денесі табылды
Шымкентте қоқыс жәшігінен белгісіз әйелдің денесі табылды. Әйелдің жасы шамамен 35 жаста. Бұл туралы Otyrar телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте қоқыс жәшігінен белгісіз әйелдің денесі табылды. Әйелдің жасы шамамен 35 жаста. Бұл туралы Otyrar телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сөмкені тұрғын Ырсай Жұманова таппқан.
"Таңертең осы жерден өттім. Қоқыс жәшігінде бір дорба нан жатыр екен. Оны малға ала салайын дедім. Дорбаны алып жатқанда, астынан шақпақ сөмкедегі мәйітті көрдім. Сосын қорқып, қашып кеттім. Кейін такси жүргізушілерін көріп, соларға айттым. Олардың бірі учаскелік полиция қызметкеріне телефон соқты", - деді әйел.
Тергеушілер оқиға орнына дереу жеткен. Куәгерлердің айтуынша, марқұм жақсы киінген, бірақ қатты соққыға жығылған - өлтірді деген күдікті бетінен ұрған. Тұрғынның айтуынша, әйелдің үсті-басы қан-жоса. Беті қатты жараланған.
Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалған.
"Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Батырбек Мырзагелдиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также