ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2021 | 12:41
Шымкентте қылмыстық топтар Қазақстанға 3 миллиард теңге шығын келтірген
Шымкентте мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірген екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірген екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
"8 адамнан тұратын қылмыстық топтардың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берумен айналысқан.
Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысының үйінде құжаттары мен мөрлері табылған 16 шаруашылық жүргізуші субъектіге осы ҰҚТ-ның қатысы бар екендігі анықталды", - деді Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі.
Екінші қылмыстық топ бір күндік 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Бұл ретте, шарттар бойынша жұмыс көлемі іс жүзінде орындалмаған.
"Нәтижесінде, мемлекетке 3,1 млрд теңге сомасына салық төленген жоқ", - деп қосты.
Қазіргі уақытта қылмыстық істер сотта қаралып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также