ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2022 | 18:10
Шымкентте қызға пышақпен шабуыл жасамақ болған күдікті ұсталды
Шымкентте қызға пышақпен шабуылдамақ болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте қызға пышақпен шабуылдамақ болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, күдікті өз үйінде жасырынған. Ол 22 жастағы ер адам болып шықты. Полиция ер адам қызға қандай мақсатта шабуыл жасамақ болғанын тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, жарияламады. Тек шабуыл жасаған ер адам қазір полиция бөлімінде екені белгілі.
"Полиция қызметкерлерінің жедел ұстауы және тәулік бойы жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті бейнекамера көмегімен анықталып, тұрғылықты жерінде ұсталды. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта ұсталған ер адамға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Егер оның кінәсі дәлелдесе, ер адамға екі мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте пышақ ұстаған ер адам бойжеткенге шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Қыз бұл жағдай туралы полицияға хабарлауға тырысқанда, олар жәбірленушінің қысқа киім кигенін айтып, ер адамның қылмысын ақтауға тырысқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также