14 шілде 2021 | 12:44

Шымкентте мектеп салуға бөлінген 5,5 миллион теңге ұрланған

Фото: Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінен

Шымкентте мектеп салуға бөлінген қаражат ұрланған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігіндегілер мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте мектеп салуға бөлінген қаражат ұрланған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігіндегілер мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Жұлдыз тұрғын алабында орта мектеп салуға бөлінген 5,5 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады. (...) Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы жалған мәлімет пен есеп бергені анықталды", - деді агенттік өкілі.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметі бойынша, "құрылыс жұмыстарын жүргізген кәсіпкер кінәсін толық мойындап, шығын сомасын өтеген".

Реклама
Реклама

Еңбекші аудандық сотының үкімімен кәсіпкер үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы бойынша сотталды.

"Қазіргі уақытта бүкіл елде жаңа оқу жылына дайындық бойынша білім беру мекемелеріне құрылыс және жөндеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл мақсаттарға бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді, оның көлемі жыл сайын артып келеді. Соған байланысты білім беру нысандары түрлі кәсіпкер үшін "жеңіл пайды" болып отыр", - деп толықтырды агенттіктегілер.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная