Шымкентте намаз кезінде жасалған ұрлық камераға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Шымкентте ер адам жұма намазы кезінде мешітте ұрлық жасаған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Еңбекші ауданының полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, жұма намазы кезінде мешіттен электр тогына қосылған смартфоны ұрланып кеткенін айтқан.

Полицейлер бейнебақылау камераларын тексеріп, күдіктіні тапты. Кадрлардан ер адам қатарға тұрып, басқалармен бірге намаз оқи бастағаны көрінеді. Ары қарай намаз кезінде ұрлық жасап, мешіттен кетіп қалған.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол 30 жастағы Шымкент тұрғыны болып шықты. Бұл дерекке қатысты "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама