ПОДЕЛИТЬСЯ
19 желтоқсан 2021 | 18:14
Шымкентте полиция департаментіне жеткізілген ер адам 4-қабаттан секіріп кеткен
Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жеткізілген ер адам 4-қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жеткізілген ер адам 4-қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент қалалық ДП баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсанда ер адам төртінші қабаттың баспалдағынан секіріп кеткен.
"Шымкент қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне 1987 жылы туған азамат АІІБ Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің ғимаратында баспалдақтан секіріп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін Әл-Фараби АІІБ-да осы азаматқа қатысты ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгені анықталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полицейлер 4-қабаттан секірген ер адам "Алаяқтық" және "Зорлау" баптары бойынша күдікті екенін айтты.
"Күдікті жәбірленушімен жанжалдасып, оны жанына қарай итеріп жіберген. Сосын баспалдаққа қарай ұмтылып, 4-қабаттан секірген. Одан кейін 3-қабаттың қоршауынан ұстап, ағаш тақтайшаға құлаған. Ол ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде ешқандай дене жарақаты анықталған жоқ. Күдікті Әл-Фараби аудандық сотының қаулысы негізінде департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды" деп қосты департаменттегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также