Шымкентте полиция департаментіне жеткізілген ер адам 4-қабаттан секіріп кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Шымкентте полиция департаментіне жеткізілген ер адам 4-қабаттан секіріп кеткен Фото Әлихан Сариев

Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жеткізілген ер адам 4-қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жеткізілген ер адам 4-қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қалалық ДП баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсанда ер адам төртінші қабаттың баспалдағынан секіріп кеткен.

"Шымкент қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне 1987 жылы туған азамат АІІБ Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің ғимаратында баспалдақтан секіріп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін Әл-Фараби АІІБ-да осы азаматқа қатысты ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгені анықталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жарнама
Жарнама

Полицейлер 4-қабаттан секірген ер адам "Алаяқтық" және "Зорлау" баптары бойынша күдікті екенін айтты.

"Күдікті жәбірленушімен жанжалдасып, оны жанына қарай итеріп жіберген. Сосын баспалдаққа қарай ұмтылып, 4-қабаттан секірген. Одан кейін 3-қабаттың қоршауынан ұстап, ағаш тақтайшаға құлаған. Ол ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде ешқандай дене жарақаты анықталған жоқ. Күдікті Әл-Фараби аудандық сотының қаулысы негізінде департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды" деп қосты департаменттегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама