ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2022 | 12:46
Шымкентте прокуратура маңында тұрған қымбат көлік айып тұрағына қойылды
Шымкентте Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі айып тұрағына қойылды, оның иесі жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі айып тұрағына қойылды, оның иесі жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жағдай наурызда әлеуметтік желілердің арқасында белгілі болды. Желі қолданушылары Шымкент қаласының Абай ауданы прокуратурасының көлік тұрағында 00* PR 17 мемлекеттік нөмірімен жаңа Toyota Land Cruiser тұрғанына назар аударған. Жарияланым авторы жол талғамайтын көлік тіркелмегенін мәлімдейді. Дәлел ретінде осы сандар комбинациясы 2021 жылдың күзінде алып тасталғаны туралы қандай да бір анықтама көрсетіледі. Сонымен қатар, бұл нөмірлер басқа, Kia K900 көлігіне тиесілі болып шығады.
Кейінірек Шымкент қаласының полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жарияланымда көрсетілген көліктің жүргізушісіне қатысты шара қолданған.
"Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша хаттама жасалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлері материалдарды сотқа жіберді. Сот шешімі бойынша тәртіп бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 61 260 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Шымкент қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Айта кетейік, жалған мемлекеттік нөмірмен көлік жүргізгені үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе бір жылға жүргізуші құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также